Қазақстанда техникалық байқау өткізу ережелері өзгерді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Көлік министрі 2026 жылғы 16 наурыздағы бұйрығымен механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидаларға мынадай норма қосылды:
- Бірыңғай ақпараттық жүйенің (БАЖ) операторы техникалық байқау операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметін тиісті қызмет көрсету шарты негізінде ұсынуды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ БАЖ операторы аталған жүйеде мынадай функциялардың жұмысын қамтамасыз етеді:
- көлік құралы туралы мәліметтердің заңдылығы расталмаған жағдайда диагностикалық картаны автоматты түрде қалыптастырудан және беруден бас тарту;
- жалған диагностикалық картаны беру фактісін автоматты түрде анықтау.
Сонымен қатар, мынадай толықтырулар енгізілді:
БАЖ операторы техникалық байқау операторына қызмет көрсетуді мынадай жағдайларда тоқтатады, егер:
- механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтер ұсынылмаса;
- техникалық байқау орталығының орналасқан жері өзгерген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде хабарланбаса немесе кеш хабарланса;
- көлік құралдары иелерінің құжаттарын қабылдау бөлмесіндегі ақпараттық тақтада өңір бойынша міндетті техникалық байқау өткізу кестесі болмаса;
- уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін диагностикалық карта жасалып, берілсе.
Анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда техникалық байқау операторы БАЖ операторына бұзушылықтардың жойылғанын растайтын материалдарды қоса отырып ақпарат ұсынады.
БАЖ операторы бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін техникалық байқау операторына жүйе қызметтері қайта ұсынылады.
Бұйрық 2026 жылғы 29 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript