Қазақстанда автокөлікті техникалық байқау жүйесінің операторы өзгерді

Қазақстанда автокөлікті техникалық байқау жүйесінің операторы өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 12:49 Сурет: pexels
Көлік министрі 2024 жылғы 22 сәуірдегі бұйрықпен механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы болып белгіленсін", – делінген құжатта.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ аталған жүйені "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ балансына бергенге дейін техникалық сүйемелдеуді жалғастыруға нұсқау берді.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №421 "операторды айқындау туралы" бұйрығы жойылды.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: