Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды балабақшасында "жансыздар" жұмыс істемей жалақы алған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 23:51 zakon.kz
Балабақшада "жансыз жандар" анықталды, бірақ ешкім жауапқа тартылмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органы Қарағанды қаласы балабақшасының бірінде жұмыс істемей жалақы алып отырған адамдарды анықтады, дейді Telegram-дағы каналдардың бірі.

"Балауса" балабақша директорының айтуынша, ол жақында қызметке тағайындалған. Бірақ аз уақыт ішінде кадр бөлімінің тізіміндегі адамдардың жоқтығын байқайды.

Екінші аспазшы кадр тізімінде бар, бірақ іс жүзінде асханада бір ғана аспаз жұмыс істейді. Маған оның ауырып жатқаның айтты. Кейін ол демалыс сұрады. Қызметкерлердің бірінің туған әпкесі кеңсе тазалаушы ретінде жазылған. Мен тазалаушы әйелді тоқтатып, фамилиясын сұрадым. Ол оператормын деп жауап берді. Аудармашы әйелді жұмыста мүлде кездестірмедім. Мұғалімнің көмекшісі де ешқашан жұмысқа шықпаған, бірақ жалақысын алып отыр. Мен оның бухгалтердің қызы екенін білдім. Күзетші де жұмыста жоқ әйел. Мен оны завхоздың қызы екенің анықтадым. Экономист маманын ешқашан жұмыста көрген емеспін. Бұл біздің бір баланың анасы екен. Неліктен бюджет ақшасы осындай өлі жандарды төленіп жатыр? - деп балабақша директоры наразылығын айтуда.

Анық фактілерге қарамастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері қылмыстық істі ашып, бірақ кейін доғарып тастады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Есеналиннің айтуынша, тергеу барысында мемлекетке және балабақшаға зиян келтіру түріндегі әлеуметтік қауіпті салдары жоқ екенін анықтады. Сондықтан қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының негізінде қылмыстық құрамының жоқтығына байланысты іс тоқтатылды.

Мүмкін жансыз жандардың ішінде істі тоқтатқан үлкен шенеуніктің қызы бар ма екен? Әйтпесе мұндай шешім ешкімге түсініксіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: