Димаш Құдайберген Қытайға кетіп қалды

instagram.com/kudaibergenov.dimash instagram.com/kudaibergenov.dimash
Ол әлемнің біраз елдеріндегі телевизиялық бағдарламалар мен әртүрлі концерттерге қатысатынын жеткізді.

Қазақ әншісі өзінің Қытайға қайтып кеткенін Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Достар, сіздермен жаңалықпен бөліскім келеді. Мен екі жылдан кейін Қытайға қайта оралып, әлемдік шоу бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін келдім. Әлемдегі карантиннің кесірінен бұл кездесуді екі жыл күттік. Бір айға жуық уақыт оқшаулануда болғанымда көптеген жоспар құрып, соларды Қытайдағы өз командаммен бірге орындамақпын, деп жазды Димаш Құдайберген

Сондай-ақ, Димаш карантин жағдайына байланысты шектеу болмаса, әлемнің біраз елдеріндегі телевизиялық бағдарламалар мен әртүрлі концерттерге қатысатынын жеткізді.

Иә, әлемдегі карантин менің жоспарыма өз әсерін тигізді. Бірақ осыдан бастап, сіздерді өзімнің шығармашылығыммен одан да көп қуантатын боламын, делінген жазбада.

Аида Мұхтар

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз