Димаш Құдайберген қытайдағы отбасын көрсетті

Димаш Құдайберген қытайдағы отбасын көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 10:57 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген біраз жылдан бері Қытайда бірге жұмыс істеп келе жатқан командасын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш аталмыш фотосуретті 27 Мамырда Instagram парақшасында жариялады.

"Менің қытайлық командам, менімен сегіз жылдан бері бірге. Осы уақыт ішінде біз шынымен бір отбасыға айналдық", - деп жазды Димаш сурет жазбасында.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген шығармашылығының өте үлкен бөлігі Қытаймен байланысты. 2017 жылы ол қытайлық Hunan TV ән байқауының бесінші маусымына қатысты. Екінші орын алған ол, Қытай жұртшылығын өнерімен жаулап алды. Содан кейін Димаш Бейжіңдегі Black gold talent агенттігімен келісімшартқа отырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: