Қазақ радиосының 100 жылдығына орай пошта маркалары шықты

qazradio.fm qazradio.fm
Мерекелік пошта маркасы Қазақстанда 2021 жылдың 7 қазанында айналымға енгізіледі.

"Қазпошта" АҚ Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына орай пошта маркасын шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Естелік және мерейтой күндері" сериясындағы пошта маркасының таралымы 2 млн дана, көлемі 26 х 18 мм. Марканың номиналы - 100 теңге. Мерекелік пошта маркасы Қазақстан аумағында 2021 жылдың 7 қазанында айналымға енгізіледі.

Сонымен бірге Қазпошта Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған пошта маркасын шығарды. "Естелік және мерейтой күндері" сериясындағы пошта маркасының тиражы 1 млн дана. Оның номиналы 300 теңге. Көлемі 26 х 18 мм, литерасы "В". Дизайнер Іңкәрім-ай Оңғарбай. Марканы еліміздің кез келген өңіріндегі пошта бөлімшесінен сатып алу мүмкіндігі бар.

Биыл Ұлттық пошта операторы "Фауна" және "Естелік және мерейтой күндері" сериясы бойынша әртүрлі тақырыпта 13 млн дана стандартты пошта маркасын шығарады.

Пошта маркасы - бұл пошта операторының жазбаша хат-хабарларды жіберу қызметіне ақы төленгенін растайтын Қазақстан Республикасының пошта төлемінің мемлекеттік белгісі. Пошта маркаларын шығару – "Қазпошта"АҚ қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ұлттық пошта операторының ел аумағындағы өндірістік объектілері ішкі және халықаралық жазбаша хат-хабарлар пошта төлемінің белгілерімен ғана жіберіледі.

Жалпы Қазақстанда 1200-ден астам пошта маркасы айналымға енгізілген. Олардың тақырыптары әртүрлі. Табиғат, тарих, мәдениет, спорт, ғарыш, мемлекетіміздің әлеуметтік және саяси өмірі бағытында пошта маркалары бар. Биыл еліміздің маркалар топтамасы XI ұлттық "Белфила – 2021" филателия көрмесінде "Қазақстан Республикасының пошта маркасы" естелік алтын медалімен марапатталды. Бұл шара XXX халықаралық "Витебсктегі Славян базары" өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз