Жаңалықтар тізбегі
0

Роза Бағланованың 100 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығады

Ұлттық банк, Роза Бағланова, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2021 12:40 Сурет: Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Қазақстан Ұлттық банкі ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады. КСРО халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 2022 жылы 100 жыл толуына орай, коллекциялық монеталар шығарылады.

Роза Бағланова опера әнші, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2021 12:40

Сурет: Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуын көруге болады.Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін  100 JYL деген жазу бар. Монетаны айналдыра «Ах, Самара-городок» әнінің ноталары, ROZA BAǴLANOVA, монетаның шыққан жылын білдіретін «2022» деген жазулар бар.

Коллекциялық монета МН25 мельхиор құймасынан, 15 грамм салмақта, 33 мм диаметрмен, brilliant uncirculated сапада, 100 теңгелік номиналмен 15 000 дана болып шықты.Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Монета коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрі бойынша номиналды құнына сай қабылдауға жатады, сондай-ақ монеталарды банк шоттарына салып, аударым жасауға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде айырбастап, ұсақтауға болады.

Айта кетейік, коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: