Шахматтан өткен әлем біріншілігінде Қазақстан екі қола медаль еншіледі

instagram/dinara.saduakassova instagram/dinara.saduakassova
"Алтын" үшін таласқан шешуші матчта әлемнің екі үздік командасы бақ сынады: Ресей мен Үндістан.

Испанияда әйелдер арасындағы шахматтан өткен әлем біріншілігі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алтын" үшін таласқан шешуші матчта әлемнің екі үздік командасы бақ сынады: Ресей мен Үндістан. Айта кетсек, Үндістан спортшылары ширек финалда қазақстандық төрттікті, жартылай финалда Грузияны ұтты. Бірақ финалда үнді қыздары әлемнің қазіргі чемпиондары - Ресей шахматшыларын жеңе алмады.

Ресей шахматшылары теңдесіз шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Соңғы кездесу ресейлік шахматшылардың пайдасына шешілді: 2,5: 1,5 және 3: 1.

Әлемдік біріншілікте командалық жарыстардан бөлек алғашқы үш тақта нәтижесі де ескерілді. Мұнда қазақстандық шахматшылар екі жүлдеге ие болды. Динара Сәдуақасова мен Меруерт Камалиденова қола жүлдегер атанса, Жансая Әбдімәлік IV-орынға табан тіреді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз