Бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан бес медаль еншіледі

olympic.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2021 15:54 olympic.kz
23 сәуірде жігіттер ақтық сында бақ сынайды.

Польшада бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр. Финалда екі қазақстандық бақ сынады, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Өкінішке орай, алтын медаль отандастарымызға бұйырмады. 60 келіге дейінгі салмақта Жұлдыз Шаяхметова күміс жүлдегер атанып, қарсыласы Үндістаннан ұтылды. Дана Дидай да ақтық сында сүрінді (75 келіге дейін). Ол Үндістаннан келген спортшыға жол берді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы үш қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, бокстан Қазақстан әйелдер командасы әлем біріншілігін 3 қола, 2 күміс медальмен аяқтады.

23 сәуірде жігіттер ақтық сында бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: