Маңғыстауда Ралли Рейд Әлем Кубогы кезеңі бойынша "Ралли Қазақстан 2018" өтеді
ҚР мәдениет және спорт министрлігінің және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР автомотоспорт Федерациясының ұйымдастыруымен Халықаралық Автомобиль Федерациясының FIA Ралли Рейд Әлем Кубогының кезеңі 27 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Бұл туралы zakon.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстаудың көркем кеңістігінде 13 елдің, 64 қатысушысы чемпион атағы үшін бақ сынасады. Еліміздің атынан 7 шабандоз қатысуда. "Ралли Қазақстан 2018" ұйымдастыруы және өткізілуі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бас серіктесі ретінде, ал әлеуметтік серіктес ретінде "Samruk-KazynaTrust"корпоративтік қоры болып табылады.
Әлемдік доданың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, "Ралли Қазақстан 2018" спортшыларға сәттілік тіледі. Ералы Тоғжанов: «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Спорт – бейбітшілік пен татулықтың, ынтымақтастық пен тілектестіктің символы» деп атап өткендей спорт - қоғамның тірегі! Оны әрбір спортшы жүрегімен түсіне білу қажет. Сондықтан да салауатты өмір салтын ұстанатын қазақстандықтар жылдан жылға көбейіп келеді.Оны құрлық, әлем және Олимпиада жарыстарында қазақстандық спортшылардың бағындырған белестерінен нақты көруімізге болады».
Сайыс бағыты алты кезеңге бөлінеді, ал қатысушылар 2500 шақырым жолды еңсеруі қажет.
Бірінші кезеңде қатысушылар Ақтау қаласынан шығып, оңтүстікті бетке алып 210 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан Кендірлі шипажайына барады.
Екінші күні Сенек елді мекеннің айналасындағы айналма учаскесі арқылы шөл даламен шығысқа, үшінші кезеңінің бағыты Кендірліден шығысқа қарай жол жүреді. Төртінші кезеңі Жаңаөзен қаласы айналасында өтеді, содан кейін қатысушылар Ақтау қаласына оралады.
Екінші қорытынды кезеңі Ақтау қаласынан солтүстікке қарай бағытта өтеді. Аяқтау кезеңінде спортшылар Каспий теңізі жағалау сызығымен өтіп 2 маусымда шамамен сағат 15.00 Ақтау қаласында жағалау алаңында аяқтайды.
Бағыттары мене нәтижелер бойынша барлық ақпаратты www.rallykazakhstan.com ресми сайттан алуға болады.
"Ралли Қазақстан 2018" Ұлттық сыныпқа және T1, T2, T3 автокөліктердің категориясына арналған.
Т1 – жақсартылған сериялық автомобильдер, Т2 сериялық модельдерден ерекшілігі бар – жеңіл автомобильдер, Т3 – жеңіл автомобиль.
"Ралли" Қазақстан-2018 ", атақты шабандоздар қатысады олар: Якуб Пшигонски- FIA Элем кубогының көшбасшысы. Франциялық Люк Альфанд-Дакар чемпионы, Africa Eco Race - 2018 Ралли Рейд жеңімпазы ресейлік шабандоз Владимир Васильев, ағымдағы жылда өткен Абу-Даби Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы чехиялық Мартин Прокоп. Жарысқа ең жас шабандоз британдық Харри Ханта багги Рeugeot DKR 3008 қатысады.
Күрделі «Дакар» ралли марафонында 15 рет жеңіске жеткен " КАМАЗ-мастер" командасы "Ралли Қазақстан 2018" екі жүк машинасын жіберді. Сонымен қатар Германия, Австрия, Чехия, Испаниядан титулды спортшылар қатысады.
«Биылғы жылғы Раллидің бағытына өзгерістер еңгізу үшін көп еңбектендік, сонымен қатар өткен жылғы іс-шаралардың нәтижелеріне қуаныштымыз, – деді ҚР АМСФ президенті Марат Әбіқаев». Өздеріңізге белгілі Авто спорт әлеміндегі танымал спорт түрінің бірі - «Ойлы-қырлы жерде Ралли» - Маңғыстаудың жерінде өтіп жатқанына өте қуаныштымыз. Маңғыстаудың керемет пейзаждары және бірегей табиғи кешендері барлық деңгейдегі қатысушыларға күрделі сынақ жасайды.
Марат өзі де белгілі спортшы, биыл Т2 категориясының көшбасшысына бақ сынамақ, былтырғыдай өзінің ұлымен әрі штурманы Нұрсұлтанмен жарысқа шығады.
FIA Халықаралық автомотоспорт федерациясы Ралии Рейд Әлем кубогы кезеңі 2017 жылы бірінші рет Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Маңғыстау облысында сәтті өткізілді. Өткен Ралли Қазақстан кезеңінің және Әлем Кубогының 2017 жылғы иегері автошабандоз Катар Насер Салех Аль-Аттия жеңімпаз атанды. Биылғы жылғы кезеңге де қатысып көшбасшылыққа бақ сынайды.
Ралли Қазақстан күнтізбеде ең күрделі кезеңдерінің бірі болып табылады және қос коэффициентімен бағаланады, әлемде мұндай жарыстар барлығы төртеу (Абу-Даби, Катар, Қазақстан, Марокко кезеңдері).
«Ралли Қазахстан 2018» бастапқы тізімі
Ұлттық сыныптың бастапқы тізімі
Қосымша 2. «Ралли Қазахстан 2018» бағыты