Ауыр атлетикадан Әлем біріншілігі: Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды
wfrk.kz
Спортшылардың аз болуы бюджеттің қысқартылуына байланысты екендігі айтылды.
5 қазанда Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды zakon.kz.
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды. Жігіттер арасында 102 келіге дейінгі салмақта Рахат Бекболат өнер көрсетсе, ал қыздар арасында Руфина Чалкарова 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚР ААФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық спортшылардың алаңға шығу кестесі:
11 қазан. 20:00 - Бекболат Рахат
12 қазан. 14:00 - Чалкарова Руфина
Биыл Рахат Бекболат пен Руфина Чалкарова Джидда қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына аттанды. Спортшылардың аз болуы бюджеттің қысқартылуына байланысты, сондықтан ОДО (Олимпиадалық дайындық орталығы) тек екі спортшы мен жаттықтырушы Жәнібек Кішкенбаевты жібере алды, - дейді Олимпиадалық дайындық орталығының аға жаттықтырушысы Дмитрий Чурсин.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript