Көжедегі құрт: Ақтаудағы балалар ауруханасы видеоға түсініктеме берді

Pixabay Pixabay
Бейнеролик шілдеде түсірілген.

Балалар ауруханасында кешкі асқа берілген сорпада құрт жүргені түсірілген видео Қазнетте таралып кеткен. Азық-түлік жеткізуге жауапты компания өкілдері жағымсыз жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, компания басшылығы мұндай оқиғаны бәсекелестері алдағы тендерге дейін компанияның беделін түсіру үшін жасаған деген сенімде.

Ал бейнеролик шілдеде түсірілген.

Содан кейін біз ата-аналардан кешірім сұрадық. Ол бұл оқиғаны жарияламайтынын айтып, біз өзара келісімге келгенбіз. Аспаздар жұмыстан шығарылды. Бірақ екі ай өткен соң, бейнені желіге салып қойыпты, - деп нақтылады компания өкілдері.

Олардың айтуынша, балалар ауруханасындағы тамақты арнайы комиссия тексерген.

Бұл бәсекелестеріміздің бізге жасаған қастығы болар, дейді компания өкілі Әлия Боқаева.

Жайна Тәттімбетова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз