Сырымбек Төлеу Біліктілікті сертификаттау департаментіне директор болып тағайындалды
Сырымбек Төлеу "Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" Акционерлік қоғамның Біліктілікті сертификаттау, кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын инспекциялау және ранжирлеу департаментінің директоры лауазымы қызметіне тағайындалды.
2013-2015 жылдары — Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған №2 облыстық мектеп -интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2013-2015 жылдары — "Қазақ Үні" Республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.
2016 жылы — Алатау" дәстүрлі өнер театр директорының дамыту жөніндегі орынбасары.
2018–2019 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші -қон комитетінде жұмыс жасады.
2019-2021 жылдары — "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамында менеджер.
2019-2021 жылдары — ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы төрағасы болып табылатын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы.
2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін "РҒӘО" АҚ баспахана директоры қызметін атқарған.