Павлодар облысында мектеп директоры ұсталды

pixabay.com pixabay.com
Май аудандық полициясы алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады.

Павлодар облысында мектеп директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілікті, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті нақтылағандай, Май ауданындағы ауылдың бірінде тұратын әйелге микрокредиттік ұйымнан біреу қоңырау шалып, 1 миллион теңге несие қарызын төлеуді талап ете бастаған.

Алаяқтарға тап болғанын сезген тұрғын дереу полицияға хабарлаған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды, дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Май аудандық полициясы алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады.

Сөйтсе, күдікті Май ауданындағы бір мектептің директоры болып шықты.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз