Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде оқушы қыз күйеуге тиіп, үлкен айқай-шу болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 20:47 pixabay.com
Қыздың сығандардың дәстүрі бойынша күйеуге тигені айтылады.

Өскемендік мектеп оқушысы Алматыға қашып кетіп, сыған дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып алған, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы жазда үйінен кетіп қалған. Анасы жасөспірімді Алматыдан өз бетінше іздеп, тапқан.

Содан ШҚО-ға бет алып, Алматыдан шыққанда, яғни жанар-жағармай бекетіне тоқтағанда қыз қайтадан қашып кетті. 19 қыркүйекте тәртіп сақшылары оның ізіне түсті. Қызбен сөйлесу кезінде жедел қызметкерлер оның үйден өз еркімен кеткенін білді, себебі ол Алматыда тұрғысы келді, ал қазіргі уақытта сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып алған, - делінген хабарламада.

Оқушы ата-анасының үйіне қайтарылды.

Полиция осыған ұқсас тағы бір жағдайды баяндады. 14 жасар қыз 12 қыркүйек күні кешке үйден қашып кеткен.

Кейін ол Павлодардан табылды.

Белгілі болғандай, ол ВКонтакте желісінде көрші қаладағы жігітпен танысып, онымен кездесу үшін үйінен қашып кеткен. Жасөспірім үйінен өз еркімен кетіп, ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан.

Нұр-Сұлтаннан тағы бір семейлік қашқын табылды.

17 жастағы бойжеткен елордаға жұмысқа тұру үшін келіпті.

Сөйлесе келе, оның алдымен әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітіне - Түркістанға барғаны белгілі болды, содан екеуі қол ұстасып, астанаға жақсы өмір іздеп келген. Полиция кәмелеттік жасқа толмаған баланы туыстарына қайтарды, - дейді полициядағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: