Жаңалықтар тізбегі
0

"Батыстың жігіттеріне "пытырлап тиіп" жатыр". Әнші Жанар Дұғалова да күйеуге шықты

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2023 17:00 Сурет: Instagram/sadvakasovamadina, arapbayevamarzhan
Белгілі қазақстандық әнші, "Türkvizyon-2014" байқауының жеңімпазы, Кешю тобының бұрынғы солисі Жанар Дұғалова күйеуге шықты. Қыз ұзату тойы 17 наурызда Астанада өтті. Бұл туралы сүйінші ақпарат әлеуметтік желіден белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыз ұзату кезінде түсірілген суреттер мен видеоларды той қонақтары болған әншілер Мадина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаева Instagram-дағы парақшаларында бөлісті.

"Менің Жаконям @zhanar_dugalova ұзатылды. Астананың келіні , енді Ильяс , қондырған құсың құтты болсын! Бақытты болыңдар! Құттықтаймын, шын жүректен", деп жазды Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, желіде Жанар Дұғалованың әкесімен бірге билеп жүрген сәтінің суреті де жарияланды. 


Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2023 17:00

Сурет: Instagram/sadvakasovamadina, arapbayevamarzhan


Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2023 17:00

Сурет: Instagram/ arapbayevamarzhan


Қонақтар бөліскен суреттердің ішінде күйеу жігіттің беті бүркемеленген, бірақ бір видеодан Ілиястың ашық түрін байқауға болады.


Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2023 17:00

Сурет: Instagram/sadvakasovamadina, arapbayevamarzhan


Жанар Дұғалованың қолынан ұстап алып, ән салған Мадина Сәдуақасова соңында қалыңдықты күйеу жігіттің қолына табыстайды.



Сәдуақасова мен Арапбаеваның желідегі суреттеріне қарағанда тойда актриса Самал Еслямова, әнші Әлішер Каримов пен Amre де болған. 


Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2023 17:00

Сурет: Instagram/sadvakasovamadina, arapbayevamarzhan

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі: "Отырып қалған қыздарға, Қайрат айтпақшы, Құдай квота беріп бәрі батыстың жігіттеріне "пытырлап" тиіп жатыр ғой! Батыстың жігіттері жігіттің төрелері, бақытты болсын!" деп жазыпты.

Айта кетсек, таяуда некесін қиған әнші Ерке Есмахан да Оралдың жігітіне күйеуге шыққан болатын. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: