Жаңалықтар тізбегі
0

Кәмшат Жолдыбаева тұрмысқа шықты

Кәмшат Жолдыбаева тұрмысқа шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 15:11 Cурет: Instagram/kamshat__zholdybayeva
Актриса әрі әнші, KeshYou тобының экс-солисі Кәмшат Жолдыбаева тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жағымды жаңалық әлеуметтік желілерде таралған видеодан белгілі болды. Әншінің таңдауы актер Ғазрет Ержанов болды. Екеуі бұрын "Рауза" сериалында бірге ойнаған.

1 наурызда TikTok желісінде Кәмшат Жолдыбаеваның "қыз ұзату" рәсімінен түсірілген видеолар пайда болды. Видеода Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Ержанов жайылған дастархан басында отыр. Кәмшат ақ ұзын көйлек, сыртынан қазақы нымша және басына тақия киген.


@mmmqqqqqqq бақытты болыңдар болыңдар #рек ♬ Beat Automotivo Tan Tan Tan Viral - WZ Beat

Жарияланған видеоға қарасақ, "Қыз ұзатуға" шақырылғандардың қатарында әнші, актриса Жанар Айжанова бар. Ол тойда домбырамен ән шырқаған.

Тағы бір видеода Кәмшаттың анасы қызына тілегін айтқан. 

"Бір-біріңді сыйлаңдар, қол ұстасып өмір сүріңдер. Ұзақ ғұмыр тілеймін. Бір-біріңді шын сүйетіндердің бірі болыңдар. Бақыт тілеймін", - деді Кәмшат Жолдыбаеваның анасы қызына сәукеле кигізер алдында.


@mmmqqqqqqq #😍😍😍 #рек ♬ оригинальный звук - mmmmmmmmmm

Айта кетері, әнші де, актер де олардың өміріндегі қуанышты жаңалық туралы әлі тіс жармады. Дегенмен Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Ержанов кездесіп жүр деген қауесет "Рауза" сериалы шыққаннан кейін пайда болды. Желі қолданушылары бұл жұпты олардың арасындағы жас айырмашылығына байланысты да талқылап жүр. Әншә мен актердың арасы - 5 жас. 



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: