Танымал актриса Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 18:12 Сурет: instagram/asselsadvakassova
Қазақстандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған қос ғашықтың  Instagram-дағы парақшаларында бір мезетте жарияланған видеосы куә бола алады. 


Видео сипаттамасында: "Осымен бітті. 13.06.2023 - біздің отбасымыздың туған күні" делінген.

Видеодан молда алдында Әсел Сәдуақасова мен сүйіктісінің неке жүзігін тағып, неке қию туралы куәлігін алғанын көруге болады.

Айта кетсек, 2023 жылы көктемде Әсел Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғаны белгілі болды. Күйеу жігіттің аты-жөні - Мағжан Тілеуханов.


Әсел Сәдуақасова 1985 жылы 31 қаңтарда дүниеге келген, "Келін де адам баласы", "Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі", "Ұлболсын" және т.б. фильмдерде басты рөлдерде ойнаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: