Павлодарда мектеп автобусы апатқа ұшырады - зардап шеккендер бар

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді.
Павлодарда 6 қазанда сағат 14: 15-те Елгин мен Щедрин көшелерінің қиылысында КамАЗ - өрт сөндіру көлігі мен мектеп автобусы - ПАЗ-32053-70 соқтығысты, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті қатты соққыдан мектеп автобусы ұшып, жол шетінде тұрған Volkswagen көлігін киіп кеткенін жеткізді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді. Тексеру жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу
0
Толық оқу