Қостанай облысында қарттар үйі өртенді

Қостанай облысы ТЖД Қостанай облысы ТЖД
Оқиға орнында ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеуде.

6 қазанда таңғы сағат 07:38-де "112" байланыс пунктіне Қарабалық ауданы Қарабалық кенті аумағында Мира көшесінде орналасқан монша жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірнеше минуттан кейін шақыру орнына № 11 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары келді, деп хабарлайды zakon.kz Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлау барысында "Қарабалық қарттар мен мүгедектер интернат үйі" ММ ғимаратына жапсарлас салынған моншаның шатыры жанып жатқаны анықталды.

Қатты жел соғып, өрт интернат үйінің негізгі ғимаратының төбесіне жайылды. Өрт болған жерге 9 техника мен жеке құрамнан 28 адам жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалын сағат 14:05-те жойылды.

Өрт сөндірушілер жедел іске қосылып, қайғылы жағдайға жол бермей, интернат ғимаратынан 51 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің іс-әрекеттері бірінші кезекте адамдарды өрт аймағынан қауіпсіз жерге уақтылы эвакуациялауға бағытталды. Өйткені, интернатта қарт адамдар және физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар болды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт аумағы шамамен 1 000 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнында ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз