Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 90-ға жетті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 17:52 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Оқиға орнында ТЖМ-нің министр бастаған жедел тобы жұмыс істеуде.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстардан зардап шеккендер туралы мәлімет берді. Жарақат алған 90-ға жуық адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауруханаға 90-ға жуық адам түскен, оның 49-ы ТЖД қызметкерлері.

Оқиға орнында ТЖМ-нің министр бастаған жедел тобы жұмыс істеуде.

Оқиға орнына Алматыдан 6 техника мен жеке құрамның 22 адамы, Түркістан қаласынан 1 техника, Шымкент қалалық ТЖД отрядтарынан 8 адам келді. Сондай-ақ ҚР ТЖМ Апат медицинасы орталығының 33 қызметкері аттанды, деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі өртті сөндіру үшін тікұшақтарын жіберуге дайын.

Алдағы уақытта ТЖМ-нің күштері мен құралдары оттың қалған ошақтарын сөндіруге, сондай-ақ тұрғындарды тұрақты жерлеріне қайтаруға, теміржол мен автомобиль жолдарын қалпына келтіруге жұмылдырылады. ҚР ТЖМ Орталық басқару орталығында өрт сөндіру штабы құрылды.

Жалпы, төтенше жағдай салдарын жоюға Төтенше жағдайлар министрлігінен 153 қызметкер мен 46 техника, ПД-нің 400 қызметкері мен 54 техникасы, №28349 әскери бөлімінің 8 қызметкері мен 2 техникасы, №5513 ҰГ бөлімінің 273 әскери қызметкері мен 12 техникасы, Ұлттық ұланның 520 адамы (250 адам резервте) жұмылдырылды.

Халыққа ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін ТЖМ-де сенім телефоны ашылды: 33-32-89, 53-32-79, ТЖД: 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +7 778 810 91 09.

ТЖД-ға барлығы 178 ақпараттық қоңырау түсті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: