Сәтбаевта ер адамды өлтіріп кетті

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 15:38 pxhere.com
Оқиға орнында Қарағанды ​​облысы полиция департаменті мен Сәтбаев полиция бөлімшесінің тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде.

Сәтбаевта түнде ер адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

20 тамызда сағат 01.00 шамасында белгісіз адамдар атыс қаруын қолданып, Сәтбаев қаласының 41 жастағы тұрғынын өлтірді, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 -бабы, "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орнында Қарағанды ​​облысы полиция департаменті мен Сәтбаев полиция бөлімшесінің тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде.

Жасалған қылмыс түрлі нұсқа бойынша тексерілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: