"Велосипедке салып, алып шыққан". Алматы облысында кісі өлімі фактісі ашылды
Алматы облысында ер адам мас кезінде төбелесіп, танысын өлтіріп алған. Кейін оның денесін велосипедпен қараусыз қаңырап бос жатқан ескі ғимаратқа апарып тастаған, деп хабарлайды zakon.kz.
3 қазанда таңертең зорлық белгілері бар ер адамның денесі табылды. Қаратал аудандық полиция бөлімі бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша бірыңғай тіркеу тізіліміне енгізді.
Қайғылы оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері марқұмның 40 жастағы Бастөбе ауылының тұрғыны екенін анықтады.
Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, 41 жастағы ауылдасы өз кінәсін мойындады. Ол мас болғанын, кешке үйінде төбелес кезінде танысын балтамен бір қойып өлтіргенін айтты.
Алдымен ол мәйітті жертөлеге жасырған, ал түнгі үште велосипедпен қараусыз қаңырап бос жатқан ескі ғимаратқа апарып тастаған.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, енді оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылданады.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайды, - дейді полициядағылар.