Ақтөбеде дизель алу үшін пара беру керек

zakon.kz zakon.kz
Бекеттер бір адамға 50 литр ғана дизель сатады. Бірақ жергілікті жүргізушілер отынды артық алу үшін кассадан тыс ақша төлеуге тура келетінін айтады.

Дизель тапшы болғандықтан, әр адамға 50 литрден беріліп жатыр. 31.kz хабарлағандай, жергілікті жүк көлігін жүргізушілер бір күн бұрын бұл шектеуге наразылық білдірді. Олардың айтуынша, бұрын литрі 190 теңге болған дизель қазір 270 теңгеден сатылып жатыр. Оның өзінде бір көлікке 50 литр жанармай беріледі. Ол 100 шақырымға да жетпейді, деп жазады kolesa.kz.

Бізге шектеу енгізілді. Бірақ Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары ақша беріп, бактарын толтырып алады, — дейді ашулы жүргізушілер.

Жүргізушілер биліктен бағаны реттеп, дизель отынының еркін сатылуын қамтамасыз етуді талап етіп отыр.

Ал облыс әкімдігі сұйық отын тапшылығы мен жанармай құятын бекеттердегі шектеу уақытша шара екенін айтады. Шенділердің сөзіне сенсек, облыста екі мың тоннаға жуық дизель қоры бар, қазір Ресейден отын жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан KIOGE-2021 "Мұнай және газ" көрмесінде Ресейден көмек келетінін еске салды.

Дизель отынын жеткізу кезек күттірмейтін мәселе болып тұр. Мұның бірнеше себебі бар. Елімізге жеткізілетін дизель отынының көлемі артқанын байқауға болады. Мен импорт мөлшері туралы айтып отырмын. Сондықтан біз үшін қазан айында Ресейден кем дегенде 100 мың тонна отын әкелудің маңызды зор. Біздің министрліктің бағаны реттеуге еш қатысы жоқ. Мұнай бағасының өскені байқалады. Бір-екі күн ішінде баға 78 доллардан 82 долларға дейін жетті. Әрине, мұнай құнының өзгеруі жанар-жағармай бағасына әсер етеді, — деді ведомство басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз