Жаңалықтар тізбегі
0

Тұрғын үй алу үшін әлеуметтік көмекке үміткер бюджет қызметкерлерінің санаты белгілі болды

www.astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2018 19:26 www.astana.gov.kz
Көрсетілген 1 миллион сома қажетті ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна сомасының бөлігін төлеуге барады.

Тұрғын үй алу үшін денсаулық сақтау, білім, полиция және әлеуметтік қамтамасыз ету саласының жұмысшылары бір миллион теңгеден ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласында көрсетілген сала қызметкерлерінің саны – 37 102 астам, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаждар саны – 16 850 адамды құрайды.

«Табысы төмен деңгейді ескере отырып, аталған тұлғалардың тұрғын үй алуы үшін жеткілікті қаражат жинақтауды жүргізуге мүмкіндіктері жоқ. Осыған байланысты, қаланың муниципалды қызметтерінде білікті кадрлар корпусын құру мақсатында, өңірдің тұрғын үй саясаты іске асыруды көздейтін шаралар әзірленген. Көрсетілген іс-шаралар шеңберінде жоғарыда көрсетілген салалардың қызметкерлеріне 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек (тұрғын үй алу үшін көмек) берілетін болады», - дейді Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының тұрғын үй саясаты бөлімінің бас маманы Айшагүл Сәбитбекқызы.

Көрсетілген 1 миллион сома қажетті ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна сомасының бөлігін төлеуге барады.

Бұл іс-шара, жоғарыда көрсетілген сала қызметкерлерінің тұрғын үйге мұқтаждар санын азайту, сондай-ақ білікті кадрлар корпусын сақтауға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: