Ақтауда 228 млн теңгені заңсыз алған кәсіпкер әйел сотталды
Маңғыстау облысының тұрғыны 200 миллионнан астам бюджет қаражатын заңсыз иемденуге тырысты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бюджет қаражатын жымқыру – бұл шенеуніктер арасында ғана емес, сонымен бірге мемлекет қаржыландыратын жеке кәсіпкерлер арасында да кең таралған экономикалық қылмыс.
Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету фактісін анықтады.
2018-2020 жылдары құрылтайшысы 100% Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы болып табылатын "Ақтау тұрғын үй" ЖШС мен "Комфорт Строй Актау" ЖШС арасында күрделі жөндеуден кейін Ақтау қаласындағы 23 тұрғын үйді қабылдау және тұрғын үй-пайдалану қызметіне, сондай-ақ тұрғындардан ай сайынғы қайтарымды төлемдер мен тұрғын үй көмегін есепке алуды жүргізуге және қабылдауға шарт жасалды.
"Комфорт Строй Актау" ЖШС директоры Ю.Коренева заңсыз баю үшін ЖСШ-ның есеп айырысу шоттарынан ақша қаражатын қолма-қол шешіп алу жолымен 228 миллионнан астам теңге иемденген.
Ақтау қалалық сотының үкімімен Ю.Коренева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.