Қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырған алматылық сотталды
Сурет: pixabay
Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы қаласының тұрғыны қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған Г. Белозеровке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу барысында Г.Белозеров 2017 жылдың соңынан 2020 жылға дейінгі кезеңде коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға 4 компания арқылы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткені анықталды. Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда елдің экономикалық қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп -«көлеңкелі» экономика, оның құрамдас бөлігі заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру болып табылады. Сондықтан «қолма-қол ақшаға айналдыратын» фирмаларға қарсы іс-қимыл қаржылық мониторинг органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript