Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Путинге көңіл айтты

akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2021 20:28 akorda.kz
РФ ТЖМ мәліметінше, ұшақ бортында 22 адам болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін, – деп жазылған жеделхатта.

10 қазанда Татарстанда L-410 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы алты адам зардап шекті. РФ ТЖМ мәліметінше, ұшақ бортында 22 адам болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: