Тоқаев Путинге көңіл айтты

Тоқаев Путинге көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 17:06 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 24 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты", - делінген хабарламада.  

Еске салайық, 2025 жылғы 24 шілдеде Амур облысындағы Тында қаласының әуежайынан бірнеше шақырым жерде жолаушылар ұшағы Ан-24 апатқа ұшырады. Ресми мәлімет бойынша, борттағы барлық 49 адам, оның ішінде бес бала қаза тапты.

ТАСС агенттігінің дереккөзі хабарлағандай, апаттың себебі ретінде экипаждың қателігі қарастырылып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: