Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Дағыстандағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының gрезиденті Владимир Путинге көңіл айтты, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
"Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликовтың айтуынша, жанармай құю бекетіндегі жарылыс 15 тамызға қараған түні жергілікті уақыт бойынша 21:40-та (Астана уақыты бойынша 00:40) болған. Жарылыс салдарынан 27 адам қаза тапты, оның үшеуі бала.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript