Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады

Ресей күні, Қазақстан президенті,с аясат, Путин, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 15:19 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді және Ресей халқын ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы арнасы.

"Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Ресей халқына амандық тіледі, сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді", – делінген хабарламада.

Мәскеуде өткен ЕАЭО  саммиті кезінде Путин Тоқаевқа хат жолдады. Кейін ол хатта не жазылғаны белгілі болды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: