Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау хат жолдады

Қазақстан, Ресей, дипломатия, құттықтау хат, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 14:43 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хат мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Кейінгі онжылдықта екі мемлекет берік достық пен тату көршілікке, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген стратегиялық серіктестік пен шынайы одақтастық қатынас орнатты. Қазақстан мен Ресейдің үлгілі ынтымақтастығының қазіргі деңгейі Сіздің Ресей мемлекетінің басшысы ретіндегі зор үлесіңіздің арқасында мүмкін болды, – делінген құттықтау хатта.

Хатта сондай-ақ "Ресей – Қазақстанның сенімді сауда-экономикалық серіктесі, еліміздің жетекші инвесторларының бірі екені, әртүрлі саладағы бірлескен ірі жобалардың сәтті жүзеге асырылуы өңіраралық диалогтың кеңеюіне және жан-жақты ынтымақтастықтың тереңдеуіне ықпал ететіні" жазылған.

Қазақстан мен Ресей көпжақты платформаларда, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер аясында тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл мемлекеттердің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді, – деп хат жолдады Тоқаев Путинге.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: