Вакцинаға сенбейтін қанша азамат пікірін өзгертті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2021 20:49 zakon.kz
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында вакцинациядан бас тартудың 3417 жағдайы тіркелді.

Вакцинациядан бас тарту Қазақстанда әлі де өткір мәселе болып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қатысты Мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Цойдың сөзінше, эпидемиологиялық салауаттылықты одан әрі қамтамасыз ету мақсатында инфекцияға қарсы вакциналау бойынша республикада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған профилактикалық екпелердің қамту деңгейін кеңейтуге қатысты жұмыс жалғасуда.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша вакцинамен қамту бойынша қажетті деңгейге қол жеткізілмегені айтылды. Оған коронавирустық инфекция бойынша пандемияға байланысты 2020 жылғы наурыздан мамырға дейін төтенше жағдай режимінің енгізілуі себеп болған. Биыл аймақтарда жоспарлы контингентті иммундаумен қамтумен қатар өткен жылы вакцинацияны өткізіп алған адамдарды вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізілуде, - деді министр.

Сондай-ақ, ол вакцинациядан бас тарту проблемасы әлі де өткір екенін айтты.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакцина алуы тиіс азаматтардың ішінде 24 976 адам профилактикалық екпеден бас тартты, оның ішінде 58% – жеке көзқарасы бойынша, 23,2% – діни сенімі бойынша, 12,8% – вакцинаға сенімсіздігі салдарынан, 6% – БАҚ-тағы теріс ақпарат нәтижесінде. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында вакцинациядан бас тартудың 3417 жағдайы тіркелді. Біз тұрақты түрде вакцинаға қарсы азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз, биыл 197 адам теріс пікірін өзгертіп, екпе алды, деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігі басшысы.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: