Жаңалықтар тізбегі
0

Таяуда екінші мәрте ана атанған Тамара Асар қызын қырқынан шығарды

әлеуметтік желіден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2021 23:31 әлеуметтік желіден алынды
Стилист Гүлмира Бүркітова сәбидің кіндік шешесі атанды, ал журналист Динара Сәтжан ұлттық дәстүрге сай баланың тырнағын алды.

Араға 19 жыл салып, екінші мәрте ана атанған Тамара Асар қызы Ажарды қырқынан шығарды. "Қырқынан шығару" рәсімі қазақтың салт-дәстүріне сай орындалды.

Отандық әртістер Тамара Асардың қуанышына ортақтасып, тойға жиналды. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева, Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Жеңіс Ысқақова, Гүлзира Айдарбекова мен Динара Сәтжан да болды. Тойда ұлттық нақыштағы қызықты байқаулар ұйымдастырылды, мәселен қыз-қырқын жүн иіру қабілеттерін көрсетіп, өзара жарысты.

Өз кезегінде әнші тойбастар тартып, күміс әшекейлер таратты.

Стилист Гүлмира Бүркітова сәбидің кіндік шешесі атанды, ал журналист Динара Сәтжан ұлттық дәстүрге сай баланың тырнағын алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2021 23:31

"Ежелгі дәстүр бойынша қазақтар қырық күн толғанша жаңа туған баланың тырнағын да, шашын да алмайды. Қырық күнде сәби шамалы әлденеді, ал оған дейін оны ешкімге көрсетпейді, - деп жазды желідегі өз парақшасында Динара Сәтжан.

Журнаист Тамара Асардың күйеуі өте тәрбиелі адам екенін, рәсім кезінде оның қатты дегбірсізденгенін, жаңа туған сәбиінің жанынан ұзап шықпағанын атап өтті.

Ал Тамара жайлы ол:

"Осындай күйдегі Тамараны бұрын-соңды көрмеппін. Оның жанарынан махаббат, ымыра мен ішкі үйлесім байқалып тұрды. Жүзі де нұрланып сала берген. Шынайы махаббат осындай керемет дүние тудырады".

Айта кетелік, Тамара Асар қыркүйек айының басында қыз баланы дүниеге әкелген еді. Тұңғышы Қамбар қазір 19 жаста.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: