Жаңалықтар тізбегі
0

Қалталы әйелдерді қалай алдадым – астаналық альфонс сырын айтты

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 17:47 pexels.com
Қыздардың 80%-дан астамы 10-15 минуттан кейін WhatsApp арқылы жауап берген.

Павлодардағы колонияның тұтқыны елордалық ондаған әйелді миллиондаған теңгеге қалай алдағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Айлакер алаяқ өзінің жымысқы жоспарын Нұр-Сұлтан барларында ғана емес, Ресейде де іске асырған.

Әйелдің тапсырысының шот сомасына қарап, оның материалдық жағдайын білуге болады. Егер жағдайы жақсы болса, мен параққа телефон нөмірімді жазып, даяшыдан сол үстелге беруді өтінемін, ал парақта өзімнің телефон нөмірімен бірге "маған WhatsApp-қа жаз", деген хабарлама қалдырып отырдым, - дейді тұтқын.

Оның айтуынша, қыздардың 80%-дан астамы 10-15 минуттан кейін WhatsApp арқылы жауап берген.

Әрі қарай классика: кездесу, гүл... Содан кейін бірнеше күн бойы кенеттен жоғалып кету. Жоғалған жігітті өздері іздей бастайды, сол кезде альфонсс ойдан шығарылған оқиғаны айтады, әйелдер көмектесуге өздері ықылас танытады.

Мен Астана тұрғыны емеспін, мені пәтер иесі қуып жатыр деп айтамын. Содан кейін қыздар өз ақшасына пәтер жалдап беруі мүмкін немесе бірге тұруға шақыруы мүмкін, - деп жалғастырады ер адам.

Альфонстың айтуынша, оның қанша қызды алдағаны есінде жоқ, ол танысу сайттарын да қолданған.

Үш әйелді алдағанын сәтті шықты деп санайды, ол әйелдің есебінен өмір сүріп қана қоймай, ақшаларына ірі соманың заттарын сатып алған.

Айтпақшы, алданғандардың ешқайсысы полицияға арыз бермеген. Жігіт есірткі тұтынған жерінен ұсталып, сол үшін қазір жазасын өтеп жатыр.

Психологтардың айтуынша, әйелдердің мұндай еркектерге алдануының себебі - бала кездегі алған психологиялық жарақаттарынан және махаббат жетіспеушілігінен болады. Сарапшылар альфонсты тану қиын екенін, бірақ мүмкін екенін айтады.

Бірінші кезекте ақылға жүгіну керек. Сонымен қатар, егер ер адам ақша сұраса, қысқа мерзімге ғана кездессе, бұл күмәндануға себеп, - дейді Ольга Мирзоева, аға инспектор-психолог.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: