Нұр-Сұлтаннан Қытайға мамонттың мүйізін әкетпек болған ресейлік ұсталды

ҚР ҚМА баспасөз қызметі ҚР ҚМА баспасөз қызметі
2021 жылғы 1 қазанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты артефактілердің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресей Федерациясының азаматы Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы арқылы жалпы салмағы 2 мың кг-нан асатын мамонттардың азуы мен жүнді мүйізтұмсықтардың мүйізін Қытай Халық Республикасына контрабандалық жолмен әкетуге тырысқаны анықталды.

Тауарды жөнелтуші – Мәскеу қаласындағы ЖШҚ директоры. Палеонтологиялық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әрі ҚХР-ға жіберу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында ЖШС тіркеліп, директоры болып Ресей Федерациясының азаматы тағайындалған.

Мамандардың қорытындыларына сәйкес мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтардың қазба қалдықтарының зерттелген барлық бөліктері палеонтологиялық аретфактілердің ғылыми-тарихи, мәдени құндылығы бар әрі бірегей. Зерттелген қазба қалдықтарының барлық бөліктерінің құны 173 миллион теңгені құрайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.

Осылайша, ұсталған азамат аса ірі көлемде экономикалық контрабанда жасады деген күдікке ілінді.

2021 жылғы 1 қазанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз