Жаңалықтар тізбегі
0

Қонақжай қазақпыз! Бүгін финндерге жеңіле салайық

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 20:24 видеодан кадр
Өмір деген бумеранг!

Бүгін кешке әлем чемпионатына іріктеу матчтары аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндия құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл матчта кім жеңетінін Құдай біледі, бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновке қазақтың журналисі қызық ұсыныс жасады:

Қазақстан құрамасы бүгін жеңсе де, жеңбесе де, бәрібір әлем чемпионатына қатысу құқығын беретін жолдамадан үміті жоқ. Ал Финляндияға үш ұпай бүгін ауадай қажет. Бізге ақыры бәрібір екен, қазақ деген қонақжай халық едік, сол қонақжайлығымызды көрсетіп, бүгін жеңіле салсақ бір жеріміз қисайып қалмайтын шығар? Оның үстіне өмір деген бумеранг, бүгін Финляндияға көмектессек, ертең бізге ұпай қажет болған сын сағатта олар да бізге көмектесер, деп өзінің риясыз ойын еш бүкпесіз айта салды.

Кәсіпқой спортта талай жыл жүрген футбол маманы Байсуфинов мұндай "идеяны" естігенде аздап сасып қалды:

Футболда өтірік жеңіле салуға болмайды. Онсыз да жеңісіміз аз. Бұл іріктеудегі өз алаңымыздағы соңғы ойынымыз ғой бүгін. Біздің бүгінгі ойынға мақсатымыз біреу – біз жеңіске ғана ойнаймыз деп, бұл ұсынысқа көнбей қойды бас бапкер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: