Бас прокуратура: вакцина алмаған адамды жазалау заңда жоқ

12 Қазан 2021, 16:45
Сурет: zakon.kz

Бас прокуратура Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің вакциналау бөлігіндегі қаулыларын сақтау бойынша тексеру мәселелері бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы бірнеше адвокат өтініш жасады.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, тексеру мәселелері бойынша келесіні хабарлаймыз. Қолда бар ақпарат бойынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс орындарында азаматтарды коронавирусқа қарсы вакциналауға тексеру жүргізілмейді. Заңнамада мұндай тексерулер үшін негіздер көзделмеген. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесіне сәйкес емес, - делінген Бас прокуратураның жауабында.

Осыған байланысты вакцина алмаған жұмыскерді жұмыс орнына жіберген жұмыс берушіге айыппұл салуға негіз жоқ екені көрсетілген.

Азаматтардың вакцинаның жоқтығы үшін жауапкершілігі де заңнамада қарастырылмаған.

Сонымен қатар, 8 қазанда Денсаулық сақтау министрлігі жұмысқа рұқсат беру кезінде міндетті вакцинаны бекіткені туралы хабарланды. Атап айтқанда, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер белгілеген ұйымдарда COVID-19-ға қарсы вакцина алған ұйымдардың қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат етілгені айтылған.

Бақытжан Отарбаева


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?