Вакцина алмаған теннисшілер Австралия чемпионатына қатыса алады
Вакцина алмаған теннисшілер Australian Open-2022-ге жіберіледі, бірақ олар екі апталық карантиннен өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) ойыншыларға жолдаған хатында спортшылар 2022 жылғы алғашқы үлкен дулыға жарысына келе алатыны туралы хабарлады.
Хатта барлық ойыншылар Австралияға ұшудан 72 сағат бұрын COVID-19-ға сынақ тапсыруы керек, сосын жасыл құрлыққа келгеннен кейін бір күн ішінде тағы да сынақ тапсыруы тиіс.
Вакцина алған ойыншылар үшін ешқандай шектеу жоқ. Вакцинасы жоқ теннисшілер қонақ үйде екі апталық карантинде жатып, содан кейін үнемі тексеруден өтіп тұруы керек. Бірақ оқшауланған спортшылар жаттығу өткізе ала ма, жоқ па, ол туралы айтылмаған. Сонымен қатар, бұл тәртіп әлі де өзгеруі мүмкін.
Бақытжан Отарбаева