Жаңалықтар тізбегі
0

Көліктің тіркеу нөмірі жоғалған жағдайда не істеу керек?

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2018 23:46 altaynews.kz
Айыппұл бар ма, жоқ па?

Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі – жүргізушінің кім екенін анықтауға және автокөлік туралы барлық қажетті ақпаратты табуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі екені рас. Ал тіркеу нөмірі жоғалған жағдайда не істеу керек? Айыппұл бар ма, жоқ па? Алтайньюс тілшісі анықтап көрді.

Сонымен, көлігіңіздің номері жоғалған жағдайда ең бірінші тұратын мекенжайыңыз бойынша немесе жоғалтқан жердегі ішкі істер органына өтініш жазуыңыз керек. Өтініш негізінде сізге мемлекеттік нөмір жоғалды немесе ұрланды деген анықтама беріледі.

Содан кейін бұл анықтамамен арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ескі нөміріңізді қалпына келтіріп немесе жаңасын ала аласыз.

Жаңа нөмір жасату үшін 5 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеп, 3-7 күн күтуге тура келеді.

Жаңа нөмір алсаңыз, көліктің ескі нөмірі есептен шығарылады және техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірі ауысады. Ондайда жаңа техникалық төлқұжат үшін қосымша 1 АЕК (2405 теңге) төлеу қажет болады.

Есіңізде болсын! Мемлекеттік нөмір арнайы халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған емес қолдан жасалған болса, ол жалған болып саналады. Мұндай жағдайға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік нөмірлерде арнайы белгі, голограмма бар. Камера жалған нөмірді байқамауы мүмкін, бірақ полиция қызметкерлері оны бірден байқай алады. Сондықтан жалған номермен алысқа бармайсыз, тіпті 10-нан 15 АЕК-ке дейін айыппұл төлеп, бір жылға жүргізу куәлігінен айырыласыз.

Сондай-ақ полицейлер нөмір автомобильден түсіп қалмауы үшін, оны қаттырақ бекітуге болады дейді. Яғни мемлекеттік нөмірді қосымша бұрандалармен немесе пластикалық бұраумен орнатуға болады. Ең бастысы, бұрандалар нөмірдің сыртқы бейнесін өзгертпеуі керек. Бұрандаларды сандар немесе әріптердің үстінен байлауға болмайды. Ол жалған мемлекеттік нөмір болып есептеледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: