Қазақстанда қанша литр дизель қалды?

12 Қазан 2021, 17:17
Сурет: Павел Михеев / zakon.kz

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда қанша дизель отыны қалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

11 қазандағы жағдай бойынша дизель отынының жалпы қалдығы 214,9 мың тоннаны құрайды, оның ішінде мұнай өңдеу зауыттарында - 38,7 мың тонна, мұнай базаларында – 123,4 мың тонна, - деп хабарлады Мағауов ОКҚ брифингінде.

Дизель отынының жағдайын тұрақтандыру үшін Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салды. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды.

Қабылданған шараларды, қазан айында 330 мың тонна көлемінде дизель отынын өндірілгенін және 80-100 мың тонна көлемінде импорттық жеткізілімдерді ескере отырып, ішкі нарықты тұрақтандыру күтілуде, - деп мәлімдеді Энергетика вице-министрі.

Бұған дейін Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев дизель отынына қатысты жағдайға түсініктеме берген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ірі ЖҚС-тарда дизель отыны қыркүйек айының басында аяқтала бастады. Содан кейін жетіспеушілік егін жинау маусымының басталуына байланысты жоғары сұранысқа байланысты түсіндірілді. Сонымен қатар, бағалар да өсті. 29 қыркүйекте Энергетика вице-министрі Ресейден шамамен 100 мың тонна дизель отыны импортталатынын хабарлады.

Дизель отынының көлемін литрмен есептеу үшін оның массасын тығыздығына бөлу қажет. Қысқы дизельдің 1 тоннасында шамамен 1163 литр, 1 тонна жазғы дизельде шамамен 1190 литр болады. Дизель отынының көлемі белгілі бір факторларға байланысты өзгеріп отырады.

Бақытжан Отарбаева


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?