Қазақстандықтар 5G туралы қауесетпен елді қорқытып жүр

pexels.com pexels.com
Байланыстың жаңа форматы қару емес және адамдар мен жануарларға теріс әсер етпейді.

Қазақстандықтар 5G технологиясы туралы жалған ақпарат таратуды жалғастыруда, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жолы әлеуметтік желілерде ұялы байланыс мұнаралары көрсетілген видео жіберіледі.

5G технологиясы планетаның халқын бір миллиард адамға дейін азайту үшін қажет дейді.

Шындығында 5G технологиясы – бұл адамдарды жаппай қырып-жою құралы немесе құпия қару емес, тек байланыстың жаңа форматы. 5G толқындары 24 ГГц және одан жоғары диапазонда жұмыс істейді. Бізге таныс Wi-Fi маршрутизаторлары, полиция радарлары, кейбір жер серіктері және басқа құрылғылар осындай жоғары жиілікте жұмыс істейді. 5G толқындарының адам денсаулығына әсерін ғалымдар тексерді. Олар технология адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиян тигізбейді деген қорытындыға келді, - делінген Stopfake.kz жазған хабарламада.

Сонымен қатар, "алтын миллиард" теориясы (Әлемді билеп-төстейтін құпия үкіметтің жоспарларын жүзеге асырғаннан кейін тірі қалатын адамдар) жалған ақпарат және оған ешқандай дәлел жоқ.

Қазақстанда адамдарды жаппай өлтіруге арналған 5G антенналары және конспирология орнатылатыны туралы хабарламалар – фейк. Байланыстың жаңа форматы қару емес және адамдар мен жануарларға теріс әсер етпейді, - делінген басылымда.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз