Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Қазақстанға алғаш рет келген Камбоджалық әріптесін қабылдады

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2019 21:40 Мәжілістің баспасөз қызметі
Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Камбоджа арасында парламентаралық байланыстың жаңа кезеңі басталғанын айтты.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин екіжақты қарым-қатынас тарихында Қазақстанға алғаш рет келген Камбоджа Парламентінің Төрағасы Хенг Самринмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәртебелі мейман біздің елімізге «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деп аталатын Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысу үшін арнайы делегацияны бастап келді.

Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Камбоджа арасында парламентаралық байланыстың жаңа кезеңі басталғанын айтты.

Хенг Самрин Қазақстан Камбоджа үшін тұрақты әрі экономикалық дамыған ел ретінде маңызды екенін алға тарта келіп, қос мемлекеттің халықаралық мәселелерде ұстанымдары ұқсас екенін атап өтті.

Сондай-ақ, 4-Кеңес жұмысына сәттілік тілей отырып, парламентаралық диалогты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

65 елден парламенттік өкіл, 14 халықаралық ұйым мүшелері жиналған форум Еуропа мен Азия парламенттерінің беделді пікір алаңына айналмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: