Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: Парламенттік форум Елбасының еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналған

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2019 17:14 Мәжілістің баспасөз қызметі
Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Твиттер парақшасында хабарлады.

Мәжіліс Н.Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесін өткізуге дайындық үстінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Твиттер парақшасында хабарлады.

"Мәжіліс Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесін өткізуге дайындалуда.Бүгінде 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері ауқымды халықаралық жиынға қатысатындарын растады,-деп жазды Н. Нығматулин.

"Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік" тақырыбында халықаралық жиын 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтеді.

Өздерінің қатысуын растағандардың қатарында Еуропа, Аустрия, Болгария, Мажарстан, Германия, Италия, Словакия, Словения, Польша, Франция, Хорватия, Черногория сынды мемлекеттер бар. Азия мемлекеттері қатарында - Ауғанстан, Вьетнам, Үнді, Иордания, Иран, Катар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония елдері бар. ТМД қатысушыларынан Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан делегациялары бар.

Сондай-ақ, бұл ауқымды шараға ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары Парламентаралық одақ, Азия парламенттік одағы, АӨСШК, ИЫҰ басқа да бірқатар ұйымдар қамтылған.

Осы өте маңызды әрі ауқымды парламенттік шара Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр. Басты мақсат – еуразиялық мемлекеттердің заңнамалық органдары басшыларымен жан-жақты диалог орнату, өзара сенімді нығайтып, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту.

Форум аясында жоспарланып отырған көптеген екіжақты кездесулер мен талқылаулар, пікір алмасулар, әр елдің Парламент өкілдерінің күш-жігерін бір арнаға тоғыстырып, өз халықтарының әл-ауқатын көтеруге үлес қосуға ықпал етпек.

Қазақстандық БАҚ өкілдерімен қатар, маңызды шараға "Euronews", "New Europe", "EFE" ақпарат агенттігі, "CNBC Arabia", Қытайдың Global Times, "Синьхуа" ақпарат агенттігі, Ресейдің – "Россия 24", "Первый канал" басқа да ақпарат құралдары қатыспақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: