Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Қазақстанға алғаш рет келген Солтүстік Македония делегациясымен кездесті

Мәжілістің баспасөз қызметі Мәжілістің баспасөз қызметі
Тараптар екі ел арасындағы, соның ішінде, парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дипломатиялық қатынас орнаған 25 жыл ішінде Қазақстанға алғаш рет келген Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі

Тараптар екі ел арасындағы, соның ішінде, парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Ең алдымен Мәжіліс Спикері кеше Нұр-Сұлтанда өткен Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысып, Еуразия кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы парламенттердің өзара іс-қимылы туралы ой-пікірлерін ортаға салғаны үшін мәртебелі мейманға алғыс білдірді.

Біздің еліміз Солтүстік Македониямен ынтымақтастықты нығайтуға ынталы екенін алға тартқан Н. Нығматулин басым бағыттар ішінде, әсіресе сауда-экономикалық, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық әріптестік аясында туризмнің тиімділігін атап өтті. Солтүстік Македония тау туризмінің орталығы ретінде танымал.

Ал, саяси ықпалдастықты нығайтуда парламентаралық байланыстың маңызы зор. Осы ретте тараптар бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру төңірегінде пікір алмасты. Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Парламентаралық одақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы сынды халықаралық алаңдарда ортақ ұстанымдарды үйлестіру маңызды.

Өз кезегінде Талат Джафери барлық салада біздің елдеріміздің жан-жақты серіктестігін нығайту үшін парламенттік дипломатияны күшейту жайына жан-жақты назар аударды. Солтүстік Македония өкілі Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі өте жоғары деңгейде өткенін және Еуропа мен Азия елдері арасында парламенттік диалогты дамытуға жаңа серпін бергенін ерекше атап өтті.

Палата Спикері ресми делегация сапары біздің елдеріміздің көпжақты ынтымақтастығын ынталандыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: