Депутат: атракциондарды қатаң бақылауға алу керек

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2021 20:38 Мәжілістің баспасөз қызметі
Оның айтуынша, елде аттракциондар есепке алынбаған, сондықтан бақылау да жоқ.

Мәжіліс депутаттары Қарағандыдағы "Тарзанка" аттракционында секіру кезінде 33 жастағы әйел қаза тапқан қайғылы оқиға туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Тағы да бір өлім атракционы, - деді Артур Платонов Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауалында.

Ол Nur Otan фракциясының депутаттары өмір мен денсаулық қауіпсіздігіне кепілдік берілмейтін ойын-сауық парктерінің, аттракциондардың, балалар алаңдарының техникалық жай-күйін бақылау мәселелері бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін Үкіметке бірнеше рет жүгінгенін еске салды. Сауалдарға жауап ретінде Қазақстан аумағында аттракциондарға қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде белгіленгені хабарланды. Осыдан кейін сауда және интеграция министрлігі Ұлттық стандартты бекітіп, қолданысқа енгізді. Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңға өзгерістер енгізілді, онда аттракциондардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктелді.

Бірақ қайғылы жағдайларды тергеу кезінде барлық жерде орнату және пайдалану ережелерін өрескел бұзу байқалуда. Жергілікті билік орнатуға рұқсат бермегеніне қарамастан, орнатылғандары және кеңес одағы кезінен қалғандары бар. Сонда адам өлімі мен денсаулығына тигізген залал үшін кім жауапты? - деп депутат ашынды.

Оның айтуынша, елде аттракциондар есепке алынбаған, сондықтан бақылау да жоқ. Техникалық куәліктер берілсе де, олар тіркелмейді. Аттракциондардың қауіпсіз жұмысын бақылайтын маман аттракцион иесінің немесе пайдаланушы ұйымның бұйрығымен тағайындала береді. Яғни, қауіпсіздігі тексерілмеген.

Сонымен қатар, ұлттық стандартта аттракциондардың бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде толық, мерзімді және ішінара техникалық куәландыру қарастырылған. Бірақ бұл нұсқаулар қалай орындалып жатыр? Құрылған нормативтік базаға қарамастан, бүкіл ел бойынша жағдай өзгерген жоқ, біз балалар мен ересектердің өліміне әкелетін жауапсыздықты көріп отырмыз. Шенеуніктерден рұқсат алу үшін ешкім келмеді деген сылтауын естиміз, бірақ олар өздері бақыламаған, - деді Платонов.

Осыған байланысты депутаттық фракция:

  • қайғылы оқиғалардың одан әрі қайталануын болдырмау үшін балалар мен ересектердің қауіпсіздігіне, жабдықтың сапасына және оған уақтылы техникалық қызмет көрсетуге дербес жауапкершілік тағайындай отырып, барлық деңгейлерде жүйелі бақылауды қамтамасыз етуді;
  • осы саланы бақылауға бекітілген шенеуніктерді жауапкершілікке тарту;
  • әкімдік белгілеген нақты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, әр аймақ бойынша аттракциондарды лицензиялау туралы деректерді ұсыну.

11 қазанда Қарағандыда "Тарзанкадан" секіруден кейін жас әйел қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалған болатын. Тергеу барысында аттракционның нұсқаушысы қауіпсіздік техникасын өрескел бұзғандығы анықталды. Нұсқаушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: