Алматы облысында 21 жастағы жігітке оқ атылып, ауруханаға түсті
polisia.kz
Полицейлер 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Алматы облысында 23 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
8 қазанда Сарқан АПБ кезекші бөліміне аудан орталығының 21 жастағы тұрғынын оқ жарақатымен ауруханаға жатқызу туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша СДТБТ-де тіркелді", - деп жазылған ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсында жарияланған хабарламада.
Жедел тергеу тобы белгілегендей, қаланың шығыс жағында алты жігіт шекісіп қалған.
Сол кезде аңшылық мылтықтан бір және тапаншадан үш оқ атылды.
Полицейлер 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Тергеуден кеййін ол кінәсін мойындап, дүкенде қалған бір оғы бар мылтықты тапсырған.
Күдіктінің әрекеті ҚР ҚК-нің 24-бабы, 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіруге оқталу" деп қайта сараланып, ол қамауға алынды.
Адам өлтіруге оқталудан басқа, СДТБТ-да ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелмеген атыс қаруын қолданумен бұзақылық фактісі тіркелді. Оқиғаға қатысқан барлық адамдар анықталды. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді, деді Сарқан АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Алмаз Сыдықов.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript