Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының тұрғыны сериялық көлік ұрлығын жасады деген күдікке ілінді

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2018 23:32 www.zakon.kz
Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, осы күні Жамбыл ауданы тәртіп сақшылары да аудан тұрғынының «МИТСУБИСИ» автокөлігін үптеп кеткен 47 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.

«Алматы облысының полицейлері көлік ұрлады деген күдікпен 39 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Күдікті азаматтың бұған дейін де көлік ұрлағаны анықталды»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Панфилов ауданының орталығындағы көп қабатты үйлердің ауласынан «Мазда» маркалы көліктің ұрлану дерегі бойынша тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары барысында жергілікті тұрғын қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Қылмысты ашуға бағытталған тиісті шаралар кезінде күдікті анықталып, оның тұрғылықты мекенжайынан айғақзаттар табылды.

«Көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Панфилов ауданының 39 жастағы азаматы ұсталды. Сондай-ақ, тексеру барысында күдіктінің биыл тамыз айында болған «ВАЗ-2109» көлігінің ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдіктінің үйінен ұрланған көліктердің қосалқы бөлшектері, мемлекеттік тіркеу нөмірлері табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат алынды»,- деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Сонымен қатар, полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, осы күні Жамбыл ауданы тәртіп сақшылары да аудан тұрғынының «МИТСУБИСИ» автокөлігін үптеп кеткен 47 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады. Күдікті аудандық уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі таңда күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы анықталуда. Көлік ұрлығына қатысты қылмыстық өндіріс ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Өңірде автокөліктерді ұрлау қылмыстарын ашу және олардың алдын алуға бағытталған шаралар үнемі жүргізіледі. Биыл жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері қолды болған 220 астам темір тұлпарды тауып, оларды заңды иелеріне қайтарды»,- деп атап өтті өңірдегі Іздестіру бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Е. Кәрібаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: