Cотталушыны өлтіріп, өзіне өзі қол жұмсағандай етіп көрсетпек болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2021 21:03 pixabay.com
Олар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Өскемендегі колония қызметкерлері сотталушыны өлтіріп алып, ол өз-өзіне қол жұмсады деп жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Өскемендегі №2 соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, кісі өлтіру 2019 жылдың 18 маусымында болған.

Қылмыстың ізін жасыру үшін қызметкерлер жазасын өтеушінің денесін асып қойған. Олар тағы екі тұтқынның денесін тәртіптік изолятор камерасына апарды, - делінген хабарламада.

Кейінірек қайта жүргізілген сараптамалар өлімнің дене жарақатынан болғанын анықтады, куәгерлер де осыны растады.

Колония қызметкерінің үстінен тағы бір іс қозғалды.

Ол сотталғандардың ата-анасынан бірнеше рет пара алған. Сондай-ақ, ол ағаш баспалдақтар жасатып, баспалдақты туыстарының үйіне орнатқан.

Прокурор жеті сотталушыға 10 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Колонияның бұрынғы қызметкерлері өз кінәсін мойындамады, ақтауды сұрады.

Сот кәмелетттік жасқа толмаған балалары болғаны үшін жазаны жеңілдететіп, үш қызметкердің біреуін де бес, екіншісін сегіз, үшіншісін жеті жылға соттады. Адам өдтіргені және пара алған бұрынғы калония қызметкері жеті жылға сотталды", деп толықтырды баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, барлық сотталғандар әскери атақтарынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында үш жыл бойы қызмет атқаруына тыйым салынды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: