Қазақстанда жаңа табиғи қорық пайда болады

wwf.ru wwf.ru
Құжатқа сәйкес қорықтың штат саны 78 адамды құрайды.

"Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қорығын және "Бөкейорда "Мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Үкімет қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Казталов аудандары аумағында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қорығы құрылсын, делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес қорықтың штат саны 78 адамды құрайды.

Қаулы жобасы 28 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бұған дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қорықтың Орал популяциясының киіктерін сақтау үшін құрылатынын хабарлаған болатын.

2021 жылы тұрақты қорғаудың арқасында киіктердің саны 842 мыңға жетті. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін, оның ішінде киіктерді қорғауды "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК жалпы ауданы 123 млн га болатын 12 әкімшілік облыстың аумақтарында жүзеге асырады, онда 430 инспектор және жүріп жылдамдығы жоғары 152 автокөлік жұмылдырылмақ.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз